МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар Елбасына өз ықыластарын білдіруде

Рашид Надиров- «Барбанг» күрттер этно-мәдени орталығының төрағасы

 

 

– Н.Назарбаевты Президент ретінде таңдадық. Ол біраз идеялардың бастамашысы. «Мәңгілік ел», «Нұрлы жол» сынды бағдарламалар қабылдап, бірнеше стратегияларды жасады. Сол бағдарламалар орындалады деген үміттеміз. Қазір ТМД мемлекеттерінде болып жатқан оқиғалар, дағдарыс соны сезінеміз. Алайда президентімізбен соның бәрін өткереміз деген сенімдемін.

Айгерім Темірбаева- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті

– Біз дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. Енді 30 дамыған елге Елбасымызбен бірге жетеміз деген ойдамын. Президентіміздің арқасында көптеген жетістіктерге жетеміз. Біздің Елбасының жүргізіп жатқан саясаты жақсы. Қарапайым халыққа болсын, жастарға болсын жақсы жағдайлар жасалған. Қуаныштымын. Мақтан тұтамыз.

Магжан Ахмадина.