МТРА жаңалықтары

Петропавлда Жеңістің 70 жылдығына арналып концерт ұйымдастырылды

Күлзағира Нұртаева – “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ СҚОФ аға оқытушысы

– Мен үшін бұл концерт өте маңызды. Өйткені менің әкем соғыс ардагері болған. Сондықтанда бұл шараға қатысу мен үшін үлкен абырой.

Жалпы саханадағы көріністер үшке бөлінген. Мектеп бітірушілер кеші, майдан өмірі және де Жеңіс күні. Сахнада түрлі әндер шырқалғанымен, бәріне таныс вальстің әуені естіле салысымен, көрермендер бір орында отыра алмады. 

Бұл шараны тамашалуға келгендердің қатарында еңбек ардагері Майра Гайнулина да бар. Соғыс басталғанда нәзік жандының әкесі жаумен арпалысуға майданға аттанса, шешесі Жеңісті жақындату үшін тылда еңбек еткен екен. Сондай батырлардың ерлігіне тағзым жасалғанына Майра Гайнулина риза.

Майра Гайнулина – еңбек ардагері

 

– Жеңіс мерекесін атап өткен кезде әкем есіме түседі. Ол кісі соғысқа қатысып, ардагер болған. Бірақ бұл күнге дейін жеткен жоқ. Енді олардың орнына біз көріп жатырмыз.

Жалпы концерттік бағдарламада соғыс тақырыбын қозғайтын 17 ән шырқалды.

Риат Шони.