Мәдениет

Петропавлда “Қазақстан халқы мәдениетінің би тілі” атты оқу-танымдық семинары өтті

Аталмыш шара – еліміздегі түрлі ұлттардың мәдениеті және билерінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында өтіп отыр. Олардың өнері – халықтың жанын да тануға септеспек деген ойда ұйымдастырушылар.

Дильбар Бегалина – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ құқық пәндері кафедрасының аға оқытушысы

– Бұл іс-шара оқу жылының басынан бері қазақ халқының салт-дәстүрлері атты оқу-танымдық семинары жүргізіліп келеді.

Би қимылдары арқылы ғана халықтың мінезін, болмысын білуге болады,- дейді 35 жылдық еңбек өтілі бар хареограф Расима Сучкова.

Расима Сучкова – “Дружные ребята” балалар ансамблінің көркемдік жетекшісі

– Бүгінгі сенминарға мен “Дружные ребята” балалар ансамблін алып келдім. Біздің мақсат – жас өнерпаздарға әдемі және дұрыс билеуді үйрету. Себебі ұлттық биі арқылы біз сол халықтың қандай екенін біле аламыз. Біз биді қоймас бұрын, әр халықтың тарихын зерттеп біліп, аламыз.

“Дружные ребята” ансамблінде бимен айналысып жүргендердің қатарында Мария мен Владимир Пильзат та бар. Олардың бұл өнер түрімен шұғылданғандарына 6 жылдың жүзі. Кішкентайынан бірге жүрген ағалы-қарындасты жандарға бұл өнерге уақыт бөлу ұнайды. Ұлттық биді билеу көптеген еңбекті қажет етеді. Ол әр қимылды сезініп, халықтың тарихына үңілуді талап етеді,- дейді олар.

Владимир Пильзат

– Маған бимен айналысу ұнайды. Билегенде менің көңіл күйім көтеріледі. Биші ритм мен музыканы сезіне білуі керек. Бұл біз үшін маңызды.

Мария Пильзат

– Мен де билегенді ұнатамын. Мен биге 6 жасымда келдім. Ағамның артынан қалыспаймын.

Білім ордасының сахнасында балалар ансамбльдері мен халық би студиялары қазақ, орыс, неміс, поляк, өзбек, татар халықтарының ұлттық туындыларын орындады.

Айгерім Ержанова.

n>