МТРА жаңалықтары

Петропавлда локомотив депосының маңына ардагерлер қарағай көшеттерін отырғызды

Андрей Архипов, Петропавл қаласы Оңтүстік Орал темір жол бөлімшесі «Теміржолшылар кәсіподағы» ҚҰ төрағасы

– Аллеяға көшеттерді біздің зейнеттегі қызметкерлер, яғни ардагерлердің құрметіне отырғызып отырмыз. Жастарды да жұмылдырдық. Себебі жеңістің қандай жолмен келгенін олар естерінде сақтауы тиіс. Қазір өкінішке орай, батыр атағын алған ардагерлер арамызда жоқ.

Соғыста автоматты серік еткен майдангерлер бүгін күректерін алып іске кірісті. Қимылы ширақ Александр Манин өзі 30 жыл қызмет атқарған мекеменің ауласына жасыл көшетті асқан қуанышпен отырғызуда.

Александр Манин, Ұлы Отан соғысының ардагері

– Бізді бүгін «Жеңіс» ескерткішінің айналысына ағаш отырғызу салтанатты шарасына шақырды. Бұл біз үшін мереке. Барлығымыздың көңіл күйіміз керемет. Ағаштарды артымыздағы ұрпақ үшін отырғызып жатырмыз.

Қариялардың бүгінгі игі ісі жастарға үлгі боларлық.

Иван Рассахацкий, Петропавл қаласындағы Оңтүстік Орал темір жолы бөлімшесінің электромонтёрі

– Күн райы тамаша, соған орай көңіл күйіміз де көтеріңкі. Қадірлі азаматтарымызға жастар болып, мынадай жап-жасыл өскіндерді отырғызуға көмектесіп жатырмыз. Бабаларымыз Ұлы Отан соғысында қан төкті. Бұл сол кісілердің әдемі естелігі деп қабылдап, әрқашан күтіп-баптайтын боламыз.

Жеңіс стелласының маңайына ардагерлер 14 көшет отырғызды. Бұл өскелең ұрпақ үшін мәңгілік естелік.

 

Акбопе Танирберген.