Асхат Бакишев, СҚО ТЖД ескерту бөлімінің бастығы
– Қазір Петропавл су торабында тәулік бойы судың деңгейіне мониторинг жасап тұрамыз. Онда қазір тәулігіне 550 текше метр су ағызылып жатыр. Егер оның деңгейі күрт көтерілсе, Заречный кентінің тұрғындарына ол туралы міндетті түрде хабар береміз. Ал, Сергеев қоймасына келер болсақ, онда қазір секундына 364 текше метр су босатылып жатыр.
Қазір судың тасқыны күшті әрі ол мұздай. Сондықтан суда құтқару кызметкерлері осы кезеңде тұрғындар, әсіресе балықшылар өзенде абай болса дейді.
Виктор Держанский, СҚО ТЖД суда құтқару қызметі бастығының орынбасары
– Сәуірдің 27-сі Айыртау ауданына қарасты Казанка селосы мен Есіл ауданына қарасты Покровка елді-мекенінде 2 балықшы суға кетті. Тұрғындарға айтарым, су қоймаларында резиналы суда жүзу құралдарын қолдануға болмайды. Өйткені, қазір су ағынымен түрлі темір-тесек, мұз жүріп жатыр. Судың ағысы да қатты. Абайсызда батқан адамды кез-келген жерге апарып тастауы мүмкін. Әрі мұздай суда адамның ағзасы көпке шыдамасы анық.
Облыстық ТЖД ескерту бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, қазір Шал ақын, Есіл ауданы тұрғындарының алаңдауына еш негіз жоқ. Ол жақта өзен деңгейі шамалы уақыттан кейін өз арнасына түседі деп күтілуде.
Берик Касен.