Балалар

Облыстық есту кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатта мерекелік концерт өтті

Гүлістан Меңдекеева – Облыстық есту кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының кітапханашысы

– Бұл биенің жаңа сауылған сүтінен жасалатын қымыз. Күбіні таңертең ылғиына қымызды, яғни биенің сүтін құяр алдында ыстайды. Оны қайыңның отына жағады. Содан барып, кептіріп, биенің сүтін құяды.

Меркелік шараға келген меймандар – жергілікті ассамблея мүшелері мектеп-интернат ауласына қарағай ағашын отырғызды. Бұдан соң, қонақтар назарына бір шаңырақ астында бірлік пен келісімде тұрып келе жатқан ұлттардың достығын ұлықтайтын мерекелік концерт ұсынылды.

Кеш сахналандырылған нөмірлерге толы болды. Оқу орнының шәкірттері рухты жігерлендіретін, отанға деген құрметті арттыратын әндер шырқап, өнерден құралақан еместігін дәлелдеді.

Бүгінгі таңда облыстық есту кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында 150-ден аса бала тәрбие алуда. Оларды 87 білікті оқытушы білім нәрімен сусындатады. Мектеп шәкірттері биылғы оқу жылында олимпидалар мен жарыстарда 9 жүлделі орын мен 14 медальге ие болған. Оған қоса қоғамдық шараларда да белсенді. Бүгінгі концерт соған дәлел.

Елена Ибрагимова – облыстық есту кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты директорының орынбасар

– Мерекелік кешке мектеп-интернат ұжымы тыңғылықты дайындалды. Концерттік бағдарламамамыз да ауқымды. Өздеріңіз байқап тұрғандай, қонақтарға арнап қолөнер бұйымдары мен этнос өкілдерінің тұрмысынан сыр шертер жәдігерлер ұсынып отырмыз.

Тұрақтылық пен ұлттар достығына шақыратын қызықты концертке меймандар тәнті болды.

– Зейнула Нурланов – “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы ……… міндетін атқарушы
ауд: “Биылғы жыл бірқатар мерейлі даталарға толы, жемісті жыл деуге болады. Соның бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толып отыр. Бұл да аз жыл емес. Ел президентінің қолдауымен пайда болған қоғамдық ұйым – қазірде ұлт саясатын жүргізудегі жетекші механизмнің бірі. Бүгін біздер қоғамдық ұйымның мәртебесін арттыратын шараға қасып жатырмыз.

Бақыт Сәдуақасов.