Дианэ Гатамова, “Бэст” мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы
– Менің жобам “Биоиндикация әдісімен Петропавл қаласындағы экологиялық ахуалға баға беру беру” деп аталады. Бұл еңбегім қалалық, облыстық кезеңдерде жүлделі орындарға ілікті. Алайда, республикалық кезеңге өте алмадым. Сондықтан өз бағымды “Вернадский” атындағы байқауда сынап көрдім. Сөйтіп, олар менің еңбегіме лайықты бағасын беріп, алда оны қаланың ауасын тазартуда іс жүзінде қолдануға болатындығын айтты.
Дианэ Гатамовадан бөлек бұл ғылыми жобалар сайысында “Владимир Вернадский” атындағы төс бөлгіге үш петропавлдық оқушы ие болды. Жерлестеріміз ресейліктерге қоршаған ортаны қорғауға қатысты еңбектерін ұсыныпты.
Мария Липчанская, жоба жетекшісі
– Вернадский” атындағы байқауға Ресейдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды оқушылар қатысты. Бірі ересектердің өзі бата алмайтын жұмыстармен айналысыпты. Еңбектердің дені нанотехнология, химия, биология, органика саласына жақын болды.
Мектептің түлегі Дианэ Гатамова биыл “Алтын бегіні” алуға ниеттілердің санатында. Бұл кәулік талапкерді ҰБТ-ден босатады. Алайда, талапты жас республикалық, халықаралық ғылыми жобаларда топ жарып жүрмін деп тоқмейілсімей бұл сынақты өзім үшін тапсырамын дейді.
Берик Касен.