Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сайлаудың алдын-ала қорытындылары жарияланды

Ел Конституциясы бойынша республика президенті жасырын дауыс беру жолымен алдағы 5 жылға сайланады. Мемлекет басшысын таңдау құқығын кәмелет жасына толған барлық республика тұрғындары пайдалана алады. Сөйтіп, сәуірдің 26-сында республикада барлық 9 мың 700-ден астам сайлау учаскелері таңғы 7-ден жұмысын бастап, бір уақытта, яғни сағат кешкі 20-00-де жабылды. Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша өңірден электораттың 97,71 пайызы өз конституциялық құқықтарын пайдалана алды. Бұл 370 мыңнан астам адам. Петропавл қаласында дауыс беруге қатысу белсенділігі 95 пайызды құрап отыр. Яғни, 133 мың 837 қала тұрғыны еліміздің болашағына бей-жай қарамайтынын паш етті. Сайлау қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың 97,7 пайыз дауысына ие болып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Сайлаушылардың 1,6 пайыз дауысын жинаған “Коммунистік партияның мүшесі Тұрғын Сыздықов екінші орында. Ал, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновқа халықтың 0,7 пайызы дауысын берген.

Шохтыбаева Гульмира.