Бизнес және экономика

Өз ісін өрге домалатқан жеке кәсіпкер

Ақлима Бәкірова – «Бәкіров» ЖК директоры

– Мейрамхананы ашып халқыма бір жеңілдік жасадым. Қазір тұрғындар барлық тойларды Петропавлда емес осын өткізеді.

Сөйтіп, Ақлима Бәкірова мемлекеттік кәсіпкер әйелдерді қолдау бағдарламасы аясында 5 жылға 30 млн теңгенің несиесін алыпты.

– Қазақта не көп? Той көп. Егерде, бір той сүйер қауым өзінің қуанышын ортақтасып, жақын туыстары, жолдастарымен бөлісетін болса 300 орынға шақталған тойхана оларға таршылық етпесі анық.

Бұл мейрамхана ашылғалы М.Жұмабаев ауданының 35 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылыпты.

Айсұлу Бәкірова – «Насыр» тойханасының әкімгері

– Бастапқыда барлы жиын бірінші қабатта өтетін. Енді онда кешенді түскі ас болатын болды.

19 жыл бизнеспен айналысып келе жатқан Ақлима Бәкірова жақында көпбалалы отбасылар мен жетім балалар үйіне қол ұшын созып, көмектесуді жоспарлап отыр.

 

Риат Шони.