Спорт

3-ші турда “Қызыл-Жар СК” жеңіске жетті

Ойынның алтыншы минутында Вадим Боровский көзге түсіп, теріскейліктерді алға шығарды. Матчтың 75-ші минутында таблодағы есепті Хасан Аубдукаримов өзгертіп, алматылықтарды қапы қалдырды. Ал 13 минут өткеннен кейін Эльмар Набиев кездесудегі соңғы нүктені қойып, қарсыластардың қақпасына үшінші голды соқты. Бұл жеңістен кейін “Қызыл-Жар СК” 5 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 4-ші орынға көтерілді. Жерлестеріміздің келесі ойыны Қарасай стадионында 3 мамыр күні Қызылордалық “Байқоңыр” командасымен өтпек.

 

Риат Шони.