МТРА жаңалықтары

Сергеев су қоймасының ернеуінен асқан тіршілік көзі де біршама бәсеңсіген. Бүгінгі күні ол 82 см құрап отыр. Бірақ су қоймасынан төмен жатқан кей аймақтардағы Есіл өзенінің арнасынан асуынан Новоникольск ауылындағы көпірді су шайып кеткен. Қазір тұрғындар Новокаменка елді- мекені арқылы қатынауда. Ескерту белгілері қойылып, Қызылжар аудандық Ішкі істер бөлімінің тәртіп сақшылары кезекшілік жүргізуде. Құтқарушылардың болжамына сенсек, Есіл ауданына қарасты Покровка селосындағы жағдай тұрақталды. Қызыл судың деңгейін Петропавлдың Заречный, Былғары зауыты аудандарында сараптап отыру мақсатында арнайы бақылау беккеттері қойылыпты. Ал 27-ші сәуір күні күндізгі сағат 2-де барлық көлік түрлеріне облыс орталығының маңындағы «Челябі- Новосібір» бағытындағы республикалық жолдың 5 шақырымы жабылған. Бұл жерде де айналма жол ойластырылыпты. Тайынша және Шал ақын аудандарында да еріген қар суының кесірінен жолдардың жабылуы байқалады. Абырой болғанда елді- мекендерге су кірмеген.

Магжан Ахмадина.