Ерназар Адильшин, №699 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары
– Жылжымалы урна ауыр науқастарға және аурухананың негізгі ашық дауыс беру учаскесіне бара алмайтын, яғни емхананың басқа корпусында жатқан адамдарға арналған. Урнаның беті арнайы 7 адамнан тұратын камиссия мүшелерінің және полиция қызметкерлерінің қадағалауымен бекітілді. Ол сайлау алды екі күн бұрын дайындалды.
№ 3 қалалық ауруханада бүгін түнде 4 сәби дүние есігін ашқан. Ал жиырма жастағы Айжан Исина өзінің тұңғышының дүниеге келуін күтіп жүр. Бүгін алғаш дауыс беріп отырған ол, сәбиім сайлау күні туса екен дейді.
Айжан Исина
– Мен өзімнің алғашқы дауысымды перзентханада беремін деп ойлаппын. Бұл да бір елеулі оқиға. Мен қыз баланы күтіп отырмын. Бүгін туса тамаша болар еді.
Ал, Эльмира Құсайынова екінші баласын дүниеге әкеліп, Нұрия деп есім беріп үлгеріпті. 2 сағаттан кейін ауруханадан шығатын жас ананы үйінде ұлы мен жолдасы күтіп отыр. Ел Перзидентін таңдауға бірінші рет қатысқан Эльмира, балаларымның болашығы үшін өз дауысын лайықты кандидатқа бергенін айтады.
Эльмира Құсайынова
– Президент сайлауына қатысу – әр азаматтың парызы. Қазақстанның жарқын болашағы – біздің отбасымыздың, балаларымыздың болашағы. Келешекке сеніммен қараймын, екі сәбимен шектелмеймін. Жоқ дегенде 3 бала сүйгім келеді. Өйткені, бүгін сайланатын мемлекет басшысы олардың жарқын болашағын қамтамасыз етеріне сенімдімін.
Ел президентіне дауыс берген 13 ананың 2-еуі өз сәбилерін күтіп жүрсе, 11 ендігі бөбектерін құшағына алған. Еліміздің санын көбейтіп жатқан аналар елдіміздің кемел болашағы үшін таңдау жасадық деп отыр.
Акбопе Танирберген.