МТРА жаңалықтары

Облыс тұрғындары сайлауға белсенді қатысты

Кешкі сағат 20-00-де республика көлеміндегі барлық 9700-ден аса сайлау учаскелері жабылып, жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта бюллетендерді санау шарасы жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, биылғы сайлауға қазіргі мемлекет басшысы, “Нұр отан” партиясының төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев, “Коммунистік партияның мүшесі Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынушы, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов қатысқан болатын. Өңір тұрғындары олардың арасында ел билігіне лайық азаматты таңдауда асқан белсенділік танытты. Бізге келіп түскен соңғы мәліметтер бойынша, кешкі сағат 18-00-ге дейін облыстағы сайлауға қатысу құқығы бар тұрғындардың 93,86 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерді. Қазір барлық сайлау учаскелерінде бюллетендерді санау үдерісі жүріп жатыр. Еске сала кетейік, облыстағы дауыс берудің өне бойын 44 ресейлік және еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 18 бақылаушы қадағалап, сайлаудың ешбір заңбұзушылықтарсыз өтуін қадағалады.

Шохтыбаева Гульмира.