МТРА жаңалықтары

Ақжар ауданында халық таңертеңнен сайлауға ағылды

Бұл аудан бойынша барлығы 42 сайлау учаскесінде 13 258 таңдаушы тіркелсе, олардың 12 мың 886-сы кешкі алтыға дейін өз таңдауларын жасап үлгерді. Сөйтіп, тізімге алынған тұрғындардың 97,2 пайызы сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық белсенділіктерін байқатты. Үйінен шыға алмайтын кәрі және науқас 196 аудан тұрғыны да саяси шарадан шет қалмай, өз таңдаулары көрініс тапқан бюллетендерін жылжымалы урнаға салды. Бұл ауданда сайлау туралы заңның мүлтіксіз орындалуын шетелдік 6 байқаушы бақылады. Оның ішінде еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 4 адам және көрші Ресейдің Түмен, Омбы облыстарынан тағы 2 бақылаушы бар.

Шохтыбаева Гульмира.