МТРА жаңалықтары

ҚР Ұлттық банкі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасын мақұлдады

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры.

-Ипотекалық қарыздары бар адамдардың ипотекалық уақытын ұзартуға, екіншіден оның валютасын айырбастауға, үшіншіден пайыздарын төмен түсіруге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама бойынша қайта қаржыландыру 3 пайызбен өтетін болады. 20 жылға дейін. Бірінші кезекте валюталық ипотекалық заемдар, екінішден бұл әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға арналған бағдарлама.

Бағдарламаның басты мақсаты – қиын жағдайда отырған борышкерлерді мүмкіндігінше көбірек қамту болып отыр. Соның ішінде жобаға 2004-2009 жылдар аралығында қарыз алған азаматтар қатыса алады. Себебі дәл сол кезде зардап шеккендердің саны арта түскен. Бұдан бөлек, қайта қаржыландыру жобасының бірнеше шарттары бар.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры.

-Бұл бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің сомасы 200 мың доллардан немесе, 36,5 млн теңгеден аспауы керек. Екіншіден, бұл сіздің жалғыз баспаныңыз болуы керек. Сіздің бұдан бөлек бірнеше ипотекалық заемдарыңыз болса, онда оның біреуін ғана қайта қаржыландыруға болады.

Қайта қаржыландыруға 20 мыңнан астам қарыз алған қазақстандық лекпек. Оның 5 мыңнан астамы әлеуметтік әлжуаз топтар санатында. Айта кеткен жөн, бұл бағдарлама бойынша 9 банк жұмыс жасамақ. Бағдарлама мамыр айының орта тұсында күшіне енеді.

 

 

Магжан Ахмадина.