МТРА жаңалықтары

Түркиядағы Балалар күні СҚО-да аталып өтті

Бұл мереке өңірлік түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен Солтүстікқазақстанда осымен 9-шы жыл тойланып отыр. Қаладағы дәмханалардың бірінде балалар үйінің тәрбиеленушілері мен әр ұлт өкілінің өнерлі балаларына арналған көңілді шара өтті. 70 жеткіншек қатысқан таңертеңгілікте түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, билер биленіп, көңілді байқаулар өтті. Сонымен қатар кішкентай қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар табыс етілді.

Атилла Аялп, түрік мәдени орталығы төрағасының орынбасары

– Біз осы мереке арқылы әр ұлттың балдырғандарының басын қосамыз. Олар бір-бірінің ұлттық мәдениетін, тілін үйреніп, танысып, осындай жерлерде ғана емен-жарқын араласа алады. Бір шаңырақ астында тұрып жатқандықтан, ағалы-қарындасты болып саналады. Балалар соны сезінсе дейміз. Балалар еліміздің болашағы. Қазақстан біздің Отанымыз болып кетті. Бейбітшілігі мен бірлігі жарасан әр ұлтқа пана болған ел.

Акбопе Танирберген.