МТРА жаңалықтары

Қарағанды облысында табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетілуде

Аман Қабдөшев – СҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасы басшысының орынбасары

– Біз табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек ретінде 50 тоннаға жуық азық-түлік жібермекпіз. Бүгін 7 Камаз жолға шығады.

Табиғат апатының салдарынан қиындыққа тап болған қарағандылықтардың қайғысына Есіл, Айыртау, Тайынша және Ғабит Мүсірепов аудандарының тұрғындары да бей-жай қарап қалмаған. Жанашыр жұрт қажетті азық пен тұрмыстық заттарды санаулы күндердің ішінде жинап берді.

Азамат Түсіпбеков – Айыртау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының директоры

– Киім-кешектің өзі 800 мың теңгеге алынды, жуғыш құралдарды алуға 300 мың теңге қаражат жұмсалды. Қарағандылықтар жалғыз емес, оларға көмектесер отандастары бар.

Қарағанды облысында орын алған табиғи апаттың салдарынан бірнеше елді-мекен су астында қалды. Бүгінде гуманитарлық көмекке зәру аймаққа еліміздің барлық өңірлерінен жолданған жәрдем жетіп жатыр.

 

 

Риат Шони.