МТРА жаңалықтары

Түлектер аллеясы ашылды

Айгүл Сапарғалиева, Қазақ мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі

– Біздің гимназияда экология күніне байланысты жыл сайын сәуірде ағаш отырғызу акциясы дәстүрге арналған. 00:56 Бүгінгі күні 11 сынып оқушылары яғни біздің түлектермен “Таза ауа – денсаулық кепілі” дегендей эклогия күні мектеп ауласына көшеттер отырғызып жатырмыз. Бұл түлектер Аллеясы деп аталып отыр.

Мектеп іргесінде орналасқан бұл саябаққа “Түлектер аллеясы” деген атау бүгіннен бастап берілді. Алтын ұяларының ауласындағы бақтың өз құрметтеріне аталғанына 11 сынып оқушылары дән риза. Небәрі 2 айдан кейін қанат қаққалы отырған түлектердің бірі Мөлдір Көшембаева. Ол бүгін отырғызылған талдардың қатары жыл сайын түлектер егетін көшеттермен толығып, бұл жер үлкен баққа айналады деген сенімде.

Мөлдір Көшембаева, Қазақ мектеп-гимназисының 11 сынып оқушысы

– Осы акцияға Қазақ мектеп-гимназиясының 2015 жылғы түлектері өз үлестерін қосуда. Бүгінгі шараның өтуі біз үшін үлкен қуаныш. 00:22 Қөазақ-мектеп-гимназиясының ауласында түлектер аллеясы ашылып отыр. Бұл Аллеяны алғашқы рет біз ашқанымызға қуаныштымыз. Мектебіміздің ендігі жылғы түлектері де осы дәстүрді жалғастырып кетеді деген ойдамыз.

Бұл күні жаңа ашылған баққа 10 түп қарағай отырғызылды.

 

 

Акбопе Танирберген.