Бизнес және экономика

Табыстың кілтін тапқан жас кәсіпкердің ісі өрге домалауда

Дәурен Әбиев – “Әбиев” ЖК директоры, Жамбыл ауданы

– Жоспар көп. Қазіргі таңда кешен жамбылдықтардың сұранысын толықтай қанағаттандырып отыр. Тұрғындар осында үйлену тойы, туған күн кеші секілді мерекелік шараларды өткізеді. Бұйыртса, осы жылы дәріхана мен нан пісіретін орынды да ашпақшымын.

Дәурен кәсібінің арқасында Пресновка селосының 15 тұғынын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Тұрақты табыс көзіне қолы жеткен ауылдықтың бірі Римма Михеева. Нәзікжанды аспаз – әр тағамды ерекше талғаммен, ынта қойып әзірлейтіндігін айтады.

Римма Михеева – “Әбиев” ЖК аспазшысы, Жамбыл ауданы

– Әрдайым клиенттің көңілінен шығу үшін тағамдарымызды дәмдірек етіп пісіреміз. Бізде әр күнге арналған ас мәзірі бар.

Қазір түскі ас уақыты. Сондықтан да дәмхананың іші адамдарға толы. Жібек Мырзатаева тамақтану орнына жиі келіп ауқаттанатын айтады.

Бүгінде Жамбыл ауданындағы 600 тұрғынның жеке кәсібі бар. Олардың жартысынан көбі мемлекеттік бағдарламаларға жүгініп, өз істерін кеңейтуде.

 

 

Бакыт Садуакасов.