Мәдениет

Петропавлда республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі өтті

Анастасия Бельская – сайысқа қатысушы, Есіл ауданы /ауд/ “Абай жастарға жалықпай, білім алуды үндейді. Мен ақынның мәнісі терең мұрасын сүйсіне оқимын. Маған, әсіресе, қыс мезгілін тамаша сипаттаған осы аттас өлеңі ұнайды. Негізі, Абай Құнанбаевтің 2 әні мен 7 өлеңін жатқа білемін”.

Сайыскерлердің өнерін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің филолог мамандары бағалайды. Қойылып отырған талап жоғары. Жатқа айтылған өлеңнің саны айтарлықтай рөл атқарады. Мәселен, жүлделі орынға ие болу үшін кемінде 80 туынды болуы керек екен. Мәтін толық және оның мәнерлеп айтылуына да баса мән беріледі.

Гүлдерай Қайнетова – Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры

– Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту аясында тағы да бір номинация қосылды. Оның аты – қазақ батырлар жырын жатқа айтатын жыршылар. Сосын қалған үшеуі – жылда болып жүретін дәстүрлі номинациялар. Ол – бірінші, Абайдың өлеңдері мен поэмаларын, Шәкәрімнің өлеңдері мен поэмаларын жатқа айту номинациясы, Абай мен Шәкәрімнің әндерін айту номинациясы. Сонымен қатар, оқушылардың өз шығармашылығын таныту номинациясы.

Жаңа номинацияда Мамлют ауданындағы Бексейіт аулының оқушысы Мұхаммед Кәрменов бағын сынайды. Бұрын Махамбет оқуларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген жас дарын бұл жолы Қамбар батыр жырын жаттап келген. 600-ден астам жолдан тұратын жырды оқу үшін шамамен 25-30 минут кетеді дейді ол.

Мұхаммед Кәрменов – сайысқа қатысушы, Мамлют ауданы

– Жырды жаттау қиын емес. Бірақ, оны келтіріп айту қиын. Бір жұма мен жүзін аттадым, екінші жұмада тағы солай кезектеп жаттадым. Сосын 3 жұма қайталадым бүкілін қосып осылай оңай болу үшін.


Жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар беріледі. 4 аталым бойынша 1-ші орындарға ие болған оқушылар облыстың намысын республикалық кезеңде қорғайды.

 

Данаш Хамзина.