МТРА жаңалықтары

1 мамырдан бастап әткеншектер өз жұмысын бастайды

Владимир Козлов – “Мир аттракционов” ЖШС құрылтайшысы

– Осы жылы 40 карусель жұмыс істейтін болады. Тағы қосалқы 10 әткеншек бар. Егер қала басшылығы Жеңіс саябағына орнатуды ұсынса біз келісімді береміз. Биыл “Слайд кар” деген жаңа карусель жұмыс істейтін болады.

Дәл қазір серіктестіктегілер барлық әткеншектерге орташа салмағы 40-45 келі болатын қаптарды салып, сынақтан өткізуде. Өйткені мұнда келушілердің денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында. Қандай да бір олқылық шығып жатса, оны дер кезінде жөндейміз дейді “Мир аттракционов” ЖШС бас механигі Игорь Титов.

Игорь Титов – “Мир аттракционов” ЖШС бас механигі

– Әткеншек тебем деп билет алып, адамдар бізге келеді. Олардың қауіпсіздігі біздің басты назарымызда. Сол себепті де барлық карусельдер олқылықсыз жұмыс істеп тұрғанына көзімізді жеткізуіміз керек. Аптасына алты сағат барлық әткеншектерге қаптар салып, байқаймыз.

Жалпы солтүстікқазақстандықтар жаңа әткеншектер мен ескілерін 1 мамырдан бастап сынай алады.

 

 

Риат Шони.