МТРА жаңалықтары

Петропавлда Қазақстанның әр өңірінің әскери-психологтары біліктілікті арттыру курсынан өтті

Савердин Имиров, ҚР ІІМ Ішкі әскері Бас қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс Бас басқармасының бастығы

– Әскери қызметкерлерге физикалық және моральдық тұрғыдан бөлек психологиялық дайындық та керек. Сондықтан да біздің гвардия бұл қызмет түріне де баса назар аударып, Республика бойынша әскери-психологтардың біліктілігін арттыруды жөн көрдік.

Арнайы курстан өтушілер 5 дисциплина бойынша өз білімдерін сынады. Олар – “Әскери педагогика және психология”, “тәжірибелік психология” ” тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыс”, “қызметтік-жауынгерлік тактика”, “Әскери құқұқ негізі” пәндері. Әр пәннен емтиханды сәтті тапсырған қызылордалық әскери психолог Ержан Бүркітбаев солтүстікқазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасқанына дән риза.

Ержан Бүркітбаев, 5547 әскери бөлімшесінің психологы, Қызылорда қаласы

 

– Бүгін әскери институтта Республика аумағын қамтыған әскери бөлімдердің психологтары жиналған. Біз өзіміздің кәсіби біліктілігімізді арттыру мақсатында арнайы білім алу үшін келдік. Оқу барысы өте қызықты өтті, курсанттармен жұмыс істедік, Петропавл қаласының мамандарымен бірге сабақтар өткізілді.

Бұл жерде 1 ай бойы әр өңірден келген әскери психологтармен жұмыс жасаған қаламыздағы азаматтық сала оқытушыларының да еңбегі бағаланды.

Акбопе Танирберген.