Гүлзиян Ізбасова – СҚО стаистика департаменті басшысының орынбасары
– 2015 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы саласында жалпы ішкі өнімнің көлемі 14,7 млрд. теңгені құрады. Бұл 2014 жылдың дәл осы айларымен салыстырғанда 5,5 пайызға артық. Сондай-ақ, 19,5 мың тонна мал мен құс еті сойылып, өткізілді. Оған қоса 53,6 мың тонна сиыр сүті мен 117 млн. дана тауық жұмыртқасы алынды.
Облыста құрылыс қарқыны да жаман емес. 4 ай ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 2,4 млрд. теңгеге жеткен. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың қаңтар-наурызында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 19 млрд. теңгені құраған. Ал инфляциялық көрсеткіштерге тоқталар болсақ, осы уақытта ол 0,9-ды пайызда тұрақтап тұр. Бірақ, азық-түлік тауарлары 1,7, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер 0,7 пайызға қымбаттаған.
Гүлзиян Ізбасова – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары
– 2015 жылы жемістер мен көкөністер бағасы 7,4 пайызға көтерілді. Мәселен, көкөністер 18,2, жемістер 3,3 пайызға қымбаттады. Ал алкогольді ішімдіктер 2,2, темекі өнімдерінің құны 13,9 пайызға шарықтаған. Дей тұрғанмен, қант және кондитер өнімдерінің бағасы біршама арзандады.
Жалпы, өңірде әр салада өсім байқалады. Арасында инветиция құю, құрылыс пен ауыл шаруашылығы көш бастап тұр.
Бакыт Садуакасов.