МТРА жаңалықтары

Қала жастары Жеңіс саябағына ағаш отырғызды

Орынбай Нашарбаев – ПҚЭК студенті.

-Тыныш өмір сыйлаған аға ұрпақтың құрметіне жас көшеттерді отырғызудамыз. Өз басым сенбіліктерге де қатысып тұрамын.

Кейінгі ұрпақ бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің құрметіне тазалық шарасын ұйымдастырып, жас көшеттер отырғызуды парыз деп біледі. Сондықтан да игі істен шет қалғысы келмеген жастар осында жүр.

Айжан Мұқашева – Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімінің жастар саясаты жөніндегі бас маманы.

-Жуырда шаһар әкімі Марат Тасмағанбетовтың қаламыздағы жастар ұйымдары және бірлестіктерімен кездескен кезінде – Жеңіс саябағында ағаш отырғызып, жастар аллеясын құру керек деген ой тастаған болатын. Ұйым өкілдері бастаманы бірауыздан қолдап кетті.

22 түп сібір қылқанжапырақтысы Қызылжар ауданының Кондратовка орман тәлімбағынан әкелінген. Коммуналдық кәсіпорын өкілдері ағаш дұрыс егілсе, жас көшеттер жаңа топыраққа тез бейімделіп кетеді, – деп отыр.

Анатолий Иванов – “Коммунхоз Петропавл” ЖШС бригадирі.

-Жастар бейбіт күнді сыйлаған соғыс жауынгерлеріне тағзым ретінде ағаш отырғызып, сый-құрметтерін көрсетуде. Біздерге де қол ұшын беріп жатыр. Алдағы уақытта бұл көшеттерді жастар ұйымдары өз қамқорлықтарына алып, күтіп-баптайтын болады.

Болашақта бұл ағаштар демалыс саябағын ажарландырып, маңайды гүлдендіре түседі.

 

 

Бакыт Садуакасов.