Балалар

Петропавлда “Сенің дауысың маңызды” автошеруі өтті

Ерлік Мұхамеджанов, “Қазақстан – 2050” жалпыұлттық қозғалысының СҚО бойынша үйлестірушісі

– Қазақстанның болашағына үлес қосу дегеніміз осындай кішігірім акциялардан игі іс-шаралардан басталады. Сондықтан барша қазақсатандықтарды, жастарды 26 сәуір күні сайлау учаскесіне келіп өзінің дауысын тиісті, лайықты кандидатына беруге үгіттейміз.

Еліміздің көк байрағы мен “Қазақстан – 2050” жалпыұлттық қозғалысының ақ туын желбіреткен көліктер шеруді М. Жұмабаев көшесінен бастап, Бескөл ауылында аяқтады. Айта кету керек, Қазақстанда жасалған жаңа он көлікті жастардың бастамасын қолдаған “Бипэкавто” копманиясы бөлді.

Владимир Каменюк, жүргізуші

– 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға үгіттейтін маңызды акцияны “Бипэк авто” кампаниясы да қолдайды.

Шеруге қатысушылар бұл шара жерлестеріміздің сайлауға белсенді қатысуларына сеп болды деген ойда.

Акбопе Танирберген.