Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық сайлау комиссиясының соңғы отырысы өтті

Асқар Сақыпкереев- облыстық сайлау комиссиясының төрағасы

– Мемлекеттік органдармен жұмыс та пысықталды. Сайлау өткізуге участоктар дайын.

Уәлиханов ауданында 29 сайлау учаскесі жасақталған. Жалпы сайлаушылар саны 9 мыңнан асады. Естеріңізге сала кетейік, көктемгі су тасқынынан аталмыш аудандағы Құлыкөл мен Қаратал ауылдарының арасындағы жолды су шайып кеткен болатын. Сондықтан Қараталдықтар 26 сәуір күні таңдау жасау үшін көршілес ауылға жеткізілмек. Өйткені маңызды саяси науқаннан бірде- бір қазақстандық қалыс қалмауы шарт.

Гүлмира Жәкенқызы- Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының төрайымы

– Сайлау беру залдары дайын. Сайлаушыларға шақырту қағаздары таратылды.

Айта кеткен жөн, 26 сәуір күні сайлау участоктарына таңдау жасау үшін 380 мың солтүстікқазақстандық келмек.

Магжан Ахмадина.