Спорт

Жерлес спортшыларымыз «Тур Адыгеи» веложарысын сәтті бастады

Бірінші кезеңнен кейін жерлес спортшыларымыз жеке жарыста ресейлік құрама ITERA-Katusha-дан жеңіліс тауып, екінші орынға жайғасты. Солтүстікқазақстандық Александр Шушемоин жеке сынақта жетінші келсе, Степан Астафьев – оныншы. Дүбірлі додада 25 құрама бақ сынап, барлығы 150-ге жуық спортшы қатысуда. Енді велошабандоздарымыз жарыстың 3 кезеңінен өтуі керек.