Спорт

Жерлес спортшылар Түркиядан 4 алтын медальмен оралды

Байрақты додада солтүстікқазақстандықтар қанжығасына 4 бірдей алтын медальді байлады. Айта кету керек, дүбірлі сайыс сәуірдің 1-і мен 8-і аралығында өткен болатын. 300-ден астам спортшы бақ таластырған сында алтын алқа иеленген жерлестеріміз Антонина Фролова мен Алексей Баталов жастар арасында, ал Серафима Шахова мен Виктория Фролова ересектер арасында өнер көрсетті.

Олег Чегодаев, СҚО бойынша армрестлингтен жаттықтырушы

– Жарыстың алдында қойылған тапсырмалар орындалды. Біздің спортшыларымыз лайықты сайысты деп санаймын. Барлық спортшылар 1-ші орын әкелді. Алексей Баталов 5 мәрте Азия чемпионы атанды. Қазір енді Әлем чемпионатына қатыссақ деген жоспарымыз бар. Турнир Малайзияда қыркүйек айында өтеді.

 

Акбопе Танирберген.