МТРА жаңалықтары

Жастардан құралған іздеушілер тобы Ресей жеріне аттанды

Асхат Абсенов, Петропавл темір жол колледжінің студенті

– Колледжде “Алғыс” жасағы жиналып жатқанын естіп арнайы жазылдым. Ұлы Отан соғысы батырларының мүрдесін іздеуге аттанғалы жатырмыз. Бұл менің ата-бабаларым алдында азаматтық борышым деп есептеймін.

“Іздеу” әскери-патриоттық тобы Петропавл теміржол колледжінің студенттерінен жасақталған. 19 іздеушіден құралған топта нәзікжандылар да бар. Солардың бірі – 19 жастағы Полина Забузова.

Полина Забузова, Петропавл темір жол колледжінің студенті

– Бұл барлау менің қызығушылығымды тудырды. Мен үшін өте маңызды сапар. 20 күн бойы елімді сағынатын боламын. Осы іздестіру шараға бірінші қатысып тұрмын. Бойымда аздап қобалжу бар.

“Іздеу” жасағы сәуірдің 19-ы межелі жерде болады. Олар барған бойда арнайы лагерь құрып, барлау жұмыстарын жүргізеді. Кейін 20 күн бойы таңертеңгі 7-ден кешкі 23:00-ге дейін іздеу жұмыстарымен айналысады. Ұлы Отан соғысы кезінде Тула облысында 2 мыңға жуық жуынгер іс-түссіз жоғалған екен.

Андрей Кошелев, “Іздеу” әскери-патриоттық тобының жетекшісі

– Біз соғыс жылдары Қызыл Әскер жауынгерлерінің ең көп шығынға ұшыраған ошағына барамыз. Ол жақта мәскеулік іздеушілермен бірге жұмыс жасаймыз. Алдын ала арнайы жоспарымызды да құрып қойдық.

Іздестірушілер тобы елге Ұлы Жеңіс күні қарсаңында оралады.

 

Акбопе Танирберген.