МТРА жаңалықтары

Жүретін жолды ластаған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Асхат Тоқсанов – Петропавл қалалық ІІБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің инспекторы

– Көктем мезгілі келісімен құрылыс алаңдарынан топырақ шығару фактілері жиіледі. Жол бойын былғамас үшін әр құрылыс компаниясының көлік жуатын орындары болуы қажет. Осы ретте әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында рейдтік жұмыстар жүргізуде.

Көшені ластау құқықбұзушылық деп саналып, ол үшін айыппұл қарастырылған. Жыл басынан бері ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 630-бабына сәйкес Петропавл қаласында 600-ден астам заңбұзушы жауапкершілікке тартылған.

Асхат Тоқсанов – Петропавл қалалық ІІБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің инспекторы

– Ол азаматтарға Кодекске сәйкес жеке тұлғаларға – 2, ал заңды тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Жалпы, жыл басынан Петропавл қаласының тәртіп сақшылары жолда жүру ережесін бұзуға қатысты 11 мың фактіні анықтаған.

 

 

Данаш Хамзина.