МТРА жаңалықтары

Теріскейлік жастар “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” күнін атап өтті

Ізгілік пен адал ғашықтықты паш ететін бұндай бастаманың мақсаты – қазақ халқының махаббат символы Қозы мен Баянның құрметіне ұлттық махаббат күнін қайта жаңғырту болып табылады.

Мадина Темірғалиева – СҚО “Жастар Альянсының” төрайымы

– Бүгін “Жастар Альянсының” белсенділері ғашықтар күніне орай акция ұйымдастыруда. Елімізде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” мерекесін тойлау 2011 жылдан бастау алған болатын. Аталған шарада жастардың патриоттық сезімдерін оятып, басқа халықтардың мейрамына еліктемей, өз ұлтымыздың мәдениетін, дәстүрін жаңғыртуға шақырудамыз.

Бұл күні қала тұрғындары аталған шарадан тамаша әсер алды.

– Менің ойымша, елімізде “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” күнін атап өткен дұрыс. Себебі, біз жастар ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді дәріптеуіміз керек.

– Қазақ халқының ғашықтар күні жыл сайын өткізілсе, жақсы болар еді.

Сагыныш Маркашева.