Денсаулық сақтау

“100 мектеп 100 аурахана” мемлекеттік бағдарламасы өңір аудандарында жүзеге асуда

Валерий Уваров – М.Жұмабаев ауданының орталық аудандық емханасының бас дәрігері, М.Жұмабаев ауданы

– Бізде 26 маман түрлі аурулар бойынша қабылдау жүргізеді. Емханада жұмыс істейтін дәрігерлер біліктіліктерін арттырған. Енді науқастарды қалаға жібермей барлық тексерулерді осында жүргізуге мүмкіндік алып отырмыз.

Жаңа емдеу мекемесі ашылғалы бері мұнда 9 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Солардың бірі Орал Машаулов. Ақ халатты абзал жан 2013 жылы Петропавлдағы медициналық колледжді тәмамдап, өзінің туған жерінде қызмет етуді жөн санапты.

Орал Машаулов – М.Жұмабаев ауданының орталық аудандық емханасының қызметкері, М.Жұмабаев ауданы

– Емхана ашылғалып, тынысымыз кеңейді. Бұған дейінгісі халыққа тар болатын. Қазір ол мәселе шешілді. Бұрын 3 терапевт дәрігері жұмыс істесе, қазір бесеу. Жаңадан мамандар келіп жатыр.

Тез әрі сапалы. Булаев қаласындағы аудандық емханада жаңа қондырғылардың арқасында жұмыс осылай жүреді. Замануи технология уақытты үнемдеп қана қоймай, диагностикалық нәтижелерді дәлме-дәл көрсетеді. Бұл ресейлік «Медикс-Р-Амико» деп аталатын рентгендік диагностикалық стационарлық кешен. Сәулеге түскеннен кейін сурет дәрігердің компьютерінде шығады. Оны ақ халаттылар жіті қарап, нақты диагнозды қояды. Жалпы мамандардың жұмысына зейнеткер Валенитина Жданова риза.

Валентина Жданова – Булаево қаласының тұрғыны, М.Жұмабаев ауданы

– Мен бүгін скринингтік тексерістен өтуге келдім. Барлық дәрігерлерді аралап, тиісті анализдерімді тасырдым. Жаңа қондырғылардың арқасында барлығы жылдам өтті. Қызметкерлерде өте сауатты. Оларға ризамын.

Бүгінде адандық емхана күніне 250 адамды қабылдауға қауқарлы. Бұл медициналық мекемеге М.Жұмабаев ауданының 30 мыңнан астам тұрғыны бекітілген.

 

Риат Шони.