МТРА жаңалықтары

Петропавлда Президент сайлауына орайластырылған автошеру өтті.

Сергей Григораш

– Автошеруге мықтап дайындалып келдім. Көлігімді жуып, сайлап, техникалық жағдайын тексерттім. Мен баламның болашағына бейжай қарамайын. Сондықтан осы шеруге қатысып, жұртшылықты сайлауға бір адамдай қатысуға шақырамын.

Автошеруге ұзын саны 26 көлік қатысуда. Жүргізушілердің барлығы қазір жұрттың назарын өздеріне аудару үшін, темір тұлпарларын безендіруде. Осылайша олар теріскейліктерді 26-шы сәуір Президент сайлауына қатысуға үгіттеуде. Акцияға қатысушылардың өздері де саяси науқаннан шет қалмай, лайықты кандидатқа дауысымызды береміз деп отыр.

Алексей Бибиков – автошеруді ұйымдастырушы.

 

– Көліктеріміз сары және көк түсті шарлармен безендірілді. Бұл біздің мемлекетіміздің жалауының түсі. Оның үстіне біз акустикалық музыканың сүйемелдеуімен жүреміз. Яғни патриоттық әндер орындалады. Жалпы осы сынды шеруді біз жаңа жыл мерекесінде ұйымдастырған болатынбыз.

Әне -міне дегенше акция басталып та кетті. «4х4» Петропавл клубының автомобильшілері осылайша жолға шықты.

Шараға қатысушылар облыс орталығының көшелерінен жүріп өтті. Мәре Мағжан Жұмабаев көшесінде орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің 6-шы корпусы. Осылайша жүргізушелер қала тұрғындарын саяси науқанға қатысуға шақыруға азда болсын үлестерін қосты.

Джакупов Самат.