МТРА жаңалықтары

Өңір ғалымдары шетелдік әріптестерімен фитохимия саласында бірлесіп жаңалық ашпақ

Владилен Поляков, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің профессоры, химия ғылымдарының докторы

– Кездесуде шөптесін дәрілерді заманауи әдістермен зерттеу сөз болды. Сол жерде “Фитохимия” халықаралық ғылыми-өндірістік холдингісі өсімдік, ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейтін инсттитуттармен әріптестік жөнінде меморандум жасасты. Аталмыш құжаттың аясында бұдан былай әлем елдерінің ғалымдары еркін тәжірибе алмасып, жас мамандарды бірлесіп даярлай алады.

Профессор Владилен Поляков Қарағанды қаласындағы “Фитохимия” халықаралық ғылыми-өндірістік холдингімен 15 жылдай тығыз жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында емдік препараттың 8 түрін ойлап тапқан. Олардың барлығы аймағымызда өсетін терек бүршіктері майының тұнбасы негізінде әзірленіпті. Химиктің айтуынша, оның препараттары туберкулез, тіс аурулары, шаштың түсуін тежеп, аурудың бетін қайтаруға септесетін көрінеді. Жерлесіміздің патенттелген өнертабысы дәрігерлер арасында зор қолдауға ие.

Владилен Поляков, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің профессоры, химия хылымдарының докторы

– Бұл эфир майын түрлі өңірдің ғалымдары зертеп көрді. Алматыдағы туберкулез орталығында сынақтан өтті. Препарат ингаляция әдісі арқылы кох таяқшаларының 33 микробактериясына әсер етеді. Эфир майын пайдаланған адам 2 айдың ішінде осы дерттен айығып, өзгелермен емін-еркін араласа алады.

Профессор саналы ғұмырының 35 жылын ғылыми ізденістермен өткізді. Жақында 70 жасқа аяқ басқан ғалым бастаған ісін шәкірттеріне тапсырып, ендігі өмірін 3 жастағы немеремді тәрбиелеу ісіне арнаймын деген шешімге келген.

Берик Касен.