МТРА жаңалықтары

Петропавлда аулалардың арнайы тазалығына рейд жүргізілді

Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы құрылған топ өкілдері рейд ұйымдастырып, бүгін екі көшені аралап өтті. Сонымен қатар тұрғындар олар ұсынған мынадай сауалнама парақшаларын толтырды. Мұнда ауладағы қатты қалдықтардың уақыты шығарылып тұруы жайлы сұрақтар кіргізілген.

Жанна Башенова, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы

– Бұл жұмыстармен айналысу үшін арнайы топ құрылды. Оның құрамында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері, энергетика басқармасы, қалалық мәслихат депутаты және Нұр Отан партиясының өкілдері кіріп отыр.

Наурыздың 17-і бастау алған рейд бүгін өз мәресіне жетті.

 

Акбопе Танирберген.