Денсаулық сақтау

Елатом құрылғылар зауытының кезекті көрмесі

Николай Толкачев – қала тұрғыны

– Бұрындары жиі аяқ-қолым сыздап, белім ауыратын. Тіпті қант диабетіне де шалдықтым. 2004 жылы қазіргі алмагтың ең алғашқы үлгісін сатып алып, қолданғанмын. Әсері бірден байқалды. Ал кейін “Алмаг 01” аппаратына тапсырыс беріп, алдырттым. Күніне екі рет қолданамын. Нәтижесі 1 аптаның ішінде байқалды. Қазір жағдайым әлдеқайда жақсарды.

Бұл құрылғының арқасында бүгінде Николай Алексеевич өзін жақсы сезіне бастапты. Оған қоса қария салауатты өмір салтын ұстанады. Ғажап аппаратты отағасынан бөлек, отбасының басқа мүшелері де пайдаларына жаратуда.

Наталья Толкачева

– “Алмаг” құрылғысының адамның ағзасына тигізер әсері мол. Бұл құрал жүрек-қантамырлар жүйесін, тамыр кеңеюі, неврология, басқа да қауіпті аурулардың алдын-алуға және емдеуге септеседі.

Қазіргі таңда “Үй дәрігері” сериясымен шығатын “Алмаг 01” аппараты сырқатынан айыққысы келетін тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Облыс орталығының тұрғыны Валентина Крашенинникова құрылғының қасиеті жөнінде газеттен оқып, бүгін оны сатып алуға келіпті.

Валентина Крашенинникова

– Мен бұл құрылғы туралы кеше газеттен оқығанмын. Бұған дейін де таныстарым осы апаратты қолданып, сауығып кеткендерін айтқан. Дәрігерлер де кеңестер берді. Міне енді “Алмагты” сатып алдым. Көмегі тиеді деп ойлаймын.

Елатом құрылғылар зауытының тұрғындарға ұсынып отырған қондырғыларының түрлері сан алуан. Солардың бірі – “Стимэл”.

Бәтима Сайдалинова- Елатом құрылғылар зауытының менеджері

– “Стимел-01” ол шағын ғана, ыңғайлы құрылғы. Мұны қалтаға салып жүруге де болады. Батареяның және де тоқ көзінің қуатымен жұмыс істейді. Бұл тез арада қатты шаншып ауырып тұрған жерді 7-8 сағатқа бәсеңдетеді. Кез-келген жерде пайдалануға болады.

Ресейлік Елатом зауыты емдік қасиеті бар аппараттарды 25 жылдан астам уақыт бойы шығарып келеді. Бүгінде аталмыш зауыт құрылғыларының 10 шақты түрі Қазақстанда саудаланады. Оның ішінде “Алмаг”, “Теплон”, “Диомаг”, “Мавит”, “Стимэл” “Унилор-01” құрылғылары көпшіліктің сұранысына ие.

– Елатом құрылғылар зауытының көрмесі Петропавлда наурыздың 20-на дейін жалғасады. Оларды Қазақстан Конституциясы көшесі, 2 мекен жайы бойынша сатып алуға болады. Сонымен қатар 46-35-12 телефон нөміріне хабарласып мамандардың кеңіснде алуға болады.

 

Риат Шони.