МТРА жаңалықтары

Соғыс даласынан естеліктер іздестіріледі

Роман Булыцын, № 32 орта мектебінің оқушысы

– Бұл жерде тарихты көзімізбен көргендей болдық. Кешегі соғыста аталарымыз пайдаланған шлем, пулемет, гранаталардың бүгінгі күнге дейін жеткен түрлерін көре алдық. Музейдегі жәдігерлерді түгелдей суретке түсіріп алдым. Оны әлеуметтік желілірге салып, достарыммен бөлісемін.

Мұнда қойылған құндылықтардың дені майдан даласында 50-60 жылдан артық жатып қалған тарихи жәдігерлер. Мысалы, мына ветринада 1993 жылы Новгород облысының Панфилов ауданындағы іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде жасалған суреттер орналасытырылған. Жалпы мұражайдағы барлық дүниелер естеліктерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі.

– Мұнда соғыс даласынан табылған жарылмай қалған миналар, түрлі қару-жарақтар мен жауынгерлердің жеке заттары орналастырылған. Олардың ішінде ерекше назар аудартатын экспонаттардың бірі майдангерлердің оқ тескен мынадай каскалары.

Бұдан бөлек авициялық-реактивті катюша РС-12 снаряды да музейдің төрінен орын алған. Мұнда танкке қарсы және қол миналары сынды жарылғыш заттардың да түр-түрі бар. Ал тамақ әзірлеуге қолайлы мына пешті майдангерлер қолдан жасаған. Окопқа сиымды кішкентай ошақты негізінен жылыну үшін пайдаланған екен. Мұнда кеңес одағы әскерінің дүниелерімен қатар неміс қару-жарақтары да орналасқан. Өйткені, бабаларымыздың қандай жойқын күшке төтеп бергенін бүгінігі ұрпақтың білуі тиіс дейді қызықты экскурсияның себепшісі болып отырған Александр Азегов.

Александр Азегов, “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі:

– Бұл биіктен лақтырылатын бомда. Самолеттен құлаған құрылғы жарылмай қалған екен. Себебі, мынаның ұшындағы қақпағы ашылмай қалған. Ол бітелмеген жағдайда ғана жарылады. Соғыс даласында жатып қалған жарылғыштың сау тамтығы қалмағанын көріп тұрсыздар. Мұндай шайқастан кейін адам шығыны өте көп болған.


Музейдің іші соғыс жәдігерлеріне лық толы. Олардың қатары жақын күндері жаңа дүниелермен толықпақ. 4 күннен кейін “Саланг” әскери-патриоттық клубының 23 мүшесі Новгород облысына кезекті іздестіру жұмыстарына аттанбақ.

 

Акбопе Танирберген.