МТРА жаңалықтары

Петропавлда 15 мың шаршы метр аумаққа гүл отырғызылмақ

Антонина Сулеин – “Петропавл-Коммунхоз” ЖШС бригадирі

– Гүлдерді жылыжайларда ұстау үшін температура 15+20 градус болу қажет. Және де оларға әрдайым күтім керек. Топырағын кептірмей, үнемі суарып отырамыз. Біздегі қызмекерлердің барлығы 6 жылдан артық жұмыс істеп келе жатыр. Олар өз істерінің шеберлері. Гүлдер әрдайым біздің қарауымызда болады.

Жалпы биылғы жылы мамырдың тоғызына қарай қалада 15 мың шаршы метр аумаққа 600 мың гүл отырғызылмақ. Ал қазір барлық өсімдітер арнайы ұяшықтарға отырғызылып, өсірілуде. Айта кету қажет, биылғы жылы облыс орталығының тұрғындары көшелерде жаңа гүлдерді де көре алады.

Антонина Сулеин – “Петропавл-Коммунхоз” ЖШС бригадирі

– Бұл гүлдің аты арыстан ауыз деп аталады. Мұның бірнеше сорттары бар. Бұрын ұзындары болатын, ал қазір қысқаларын алдық. Ал мынау шыбынсалы. Бұның да бойы қысқа болып өседі. Бұл жол жиегіне отырғызылатын шырайгүл өсімдігі. Және де Мәскеуден бірнеше гүлдің тұқымдары әкелінді.

“Петропавл-Коммунхоз” ЖШС жазда 4 айналма жол, 20-дан астам саябақ пен Қазақстан Конституциясы көшесі бойына ерекше ажар берер гүлдер отырғызбақ.

 

Риат Шони.