Өнеркәсіп

«Изолит» ЖШС түрлі жиһаздар шығара бастады

Александр Шушаков ағаш өңдеу цехына қойылған барлық қондырғылардың тілін бес саусағындай біледі. Себебі ағаштан түйін түйетін шебердің бұл салада 45 жылдан астам өңбек өтілі бар. Азамат әрқашан өнімнің сапасына мән береді. Өйткені, сапалы дүниеге қашан да болсын сұраныс бар.

Александр Шушаков – аға ағаш шебері, «Изолит» ЖШС.

– 3-ші, 4-ші сұрыпты ағаштарды кесіп, жонып жоғары сұрыпты материал алуға тырысамыз. Ол үшін барлық бұтақтарды кесеміз. Кейін ағаш плитасы әзірленеді. Содан соң оны кез -келген жиһаз жасауға пайдалануға болады.

Мұнда жиһаздардың барлығы тек қарағай ағашынан жасалынады. Серіктестік оны көршілес Ресей елінен арнайы тапсырыспен алдыртады екен. Ал ағаш өңдеу шеберханасы болса, соңғы технологиямен жабдықталған. Яғни дайын болған өнім мынадай арнайы камерада сырланады.

Александр Шушаков – аға ағаш шебері, «Изолит» ЖШС.

– Біз тұрған сырлау камерасы Италия қондырғысы. Мұнда ағаш өнімі бернеше рет жуылып шайылады. Кейін сырланады. Яғни бірнеше процестен өтеді. Экологияға кері әсерін тигізбейді. Өте тиімді.

«Изолит» серіктестігі 30-дан астам жиһаз түрін жасауға қауқарлы. Жаңа цех іске қосылысымен 10-нан астам жұмыс орны пайда болған. Дайын өнім бүгінгі күні халықтың сұранысын толықтай қанағаттандырып отыр.

Вячеслав Кривякин – «Изолит» ЖШС бас энергетигі.

– Цех былтыр мамыр айында іске қосылған болатын. Соңғы үлгідегі қондырғылар сатып алып орнаттық. Қазір дайын болған өнім біздің облыстан бөлек бірнеше қалаларға жіберіліп жатыр. 2014 жылдың 7 айы ішінде 3 миллион теңгенің тапсырысын орындадық. Толық қуатқа көшетін болсақ, айына 20 текше метр ағаш өнімін өңдейтін боламыз. Бүгінгі күні бөлме аралық есіктер, гарнитуралар, жиһаздардың түр-түрін жасай береміз.

Биыл серіктестік 30 миллион теңгенің тапсырысын орындауды жоспарлап отыр.

Джакупов Самат.