Без категории

Ардагерге мерейтойлық медаль табыс етілді

Сейтқали Күркебаев, СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадрлар бөлімшесінің бастығы

– Бүгін ақсақалымыз Закария Сатвалдинге арнайы медальді табыс еттік. Ол кісілерге көмек қолын созып тұрамыз. Жер үйде тұратындарының ағашын жарып, су әкеліп, үйін жинастырамыз.

Ақсақал 1937 жылы Приишим әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылған. Омбы қаласында оқу-жаттығуларды сәтті меңгеріп, араға бір жыл салып, Кеңес одағы мен Жапонияның арасындағы Хасан қақтығысына қатысады. Сөйтіп, Қиыр Шығыста 1940 жылға дейін соғысқан ардагер елге оралғасын тылда қызмет атқарған.

Сейтқали Күркебаев, СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадрлар бөлімшесінің бастығы

– Біз бүгін қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарған 25 ардагерге медальдарын табыстадық. Оның екеуі соғыс ардагері болса, қалғандары тыл ардагерлері.

Закария Сатвалдин қылмыстық-атқару жүйесі органында 30 жылға жуық қызмет атқарып зейнетке шыққан. Ардагер мамырдың 16 күні 99 жасқа толады.

Акбопе Танирберген.