Мәдениет

Пасха қуанышы көрмесі өтті

Мына – “Пасха қуанышы” деп аталатын жұмыс аралас техникада жасалыпты. Назарға бірден ілінетін, көрмедегі ең үлкен әрі әдемі картинаның авторы 12 жасар Даниил Максимов.

Даниил Максимов, БЭСТ гимназиясының оқушысы

– Конкурстың қатысушысы болып отырғаныма қуаныштымын. Бұл байқауға қатысуға ағам кеңес берді. Мен картинамда өз қаламыздағы шіркеуді салдым. Себебі ол мерекенің ең маңызды нышаны. Осы жұмысымды ұсынып, жүлделі орын алғым келеді.

Өнерпаздар мерекенің басты символы – жұмыртқалар, көктем нышаны – бүршік атып келе жатқан талдар және періштелер мен Иса пайғамбарды бейнелеген.
Ал мына жұмыстың атауы “Пасха кәде сыйы”. Ол 10-11 жастағы жасөспірімдердің топтық жұмысы. Оны дайындау үшін өнерпаздарға желім мен макарон өнімдері жеткілікті болған. Биссерден тоқылған мына жұмыртқалар да көздің жауын алады. Төзім мен уақытты қажет ететін қол өнер туындыларын өмірге әкелген авторлардың еңбегі елеусіз қалмады. Мерекеге орай ұйымдастырылған шараға иерей Артемий арнайы келіп, пасха мейрамымен құттықтады.

Иерей Артемий – Вознесенский кафедралы соборының кілтшісі

– Құрметті достар! Мерекенің ұлығы – Пасхамен құттықтаймын. Дәл осы күні жас өнерпаздарға денсаулық, алдыңғы күндері де шығармашылық табыстар тілеймін.

Байқау қорытындысы бойынша 150 туындының ішінен үздік 30-ы ғана таңдалып алынып, 1-3 орындарға қол жеткізген авторлар сыйлықтармен марапатталды. Сөйтіп, Дарья Кузмина бас жүлде иегері атанса, Даниил Максимовтың еңбегі бірінші орынға лайық деп танылды.

Акбопе Танирберген.