МТРА жаңалықтары

Жастар қала тұрғындарын сенбілікке шақырды

Наташа Житина

– Міндетті түрде сенбілікке шығу қажет. Өз көшемізді өзіміз ретке келтірмесек, біз үшін келіп ешкім тазаламайды. Өз басым әр жыл сайын көктемде үйімнің айналасын жиыстырып отырамын.

Тұрғындарға “ЗД – Қайырымды істер қозғалысы” акциясының қатысушылары “Біз таза қала үшін” деп аталатын мынадай үндеу қағаздарын таратты. Еріктілер мұндай парақшаларды облыс орталығының басқа да шағын аудандарында үлестірмек. Акция барысында Кеңес одағының батырларының атын иеленген 21 көше қамтылады.

Ирина Калюжная – Жастар бастамалдары орталығы директорының міндетін атқарушы.

 

– Бұл акцияны өткізу үшін біз қаладағы 21 көшені арнайы таңдап алдық. Биыл Еліміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өткелі отыр. Сондықтан да Ұлы Отан соғысы батырларының атындағы көшені таза ұстауымыз керек.

Белсенді жастар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шараны ішкі саясат басқармасымен бірігіп өткізіп отыр.

Акбопе Танирберген.