МТРА жаңалықтары

Православ христиандары пасха мейрамына қызу дайындық үстінде

Ирина Саблукова

– Шіркеуге келіп құдайға құлшылық етіп күнәләрімізды жуып шаямыз. Соңына дейін келіп, құдайға жалбарынатын боламыз.

Любовь Разова

 

– Пасха – ұлы мейрам. Әр үйде жұмыртқаларды түрлі түстерге бояп, нан пісіреміз. Сонымен қатар басқа да дәмді тағамдарды әзірлеп, туыстарымыз үшін дастархан жаямыз.

Пасха оразаның бастауы. Ол 40 күнге созылады. Осы уақыт бойы ет және сүт тағамдарынан тыйылу керек. Қазір оразаның соңғы аптасы. Оның әр күнінің өз атауы мен мәні бар. Мысалы сәуірдің 10-ын – дертті жұма деп атайды.

Иерей Антоний

– Жұма күні марқұм болған Иса пайғамбардың бейнесі орнатылған крест шығарылады. Кешке таман қою рәсімі болады. Сосын крестті аулаға шығарып, шіркеудің айналасынан алып өтеміз. Келушілерге тағзым ету үшін мүмкіндік беріледі.

Сенбіде храмға келушілерді айтулы оразадан кейінгі мерекелік дастархан мәзірін қасиеттендіреді. Олар негізінен қалаш нандар мен боялған жұмыртқалар. Айта кету керек, сенім бойынша соңғы жұмартқа міндетті түрде қызыл түске боялуы тиіс

Иерей Антоний

– Император Мария Магдаленаға сенбей, “мен өлілердің жексенбісіне сенбеймін, мына жұмыртқаның қызарып кетуі мүмкін емес”, – деген кезде, қолында ұстап тұрған жұмыртқа қызарып шыға келген. Сол оқиғадан кейін барып император православие дініне сенетін болған.

Пасха – праваславие христиандарының айтулы мерекесі. Бұл күні олар бірі-біріне қонаққа барып, қайырымды істер жасайды.

Акбопе Танирберген.