МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Аялаған Астана-2015” байқауына іріктеу өтті

Жас дарындыларға жол ашатын республикалық жобаға 10-нан астам жерлесіміз қатысты. Айта кету қажет, сайыстың тарихында біздің өңірден бұл республикалық байқауға өкінішке орай ешкім өте алмаған болатын. Байқау Қазақстанның барлық облыстарында кезекпен ұйымдастырылып отыр. Бұл жобаға барлығы елімізден 1 млнан астам жас әнші қатысуда. Әр өңірдегі кастинг бейнетаспаға жазылады. Дарындылардың өнерін Алматы мен Мәскеудегі әділқазылар бағалап, финалға жолдама алған 12 конкурсанттың есімдерін мамыр айында жариялайды. Айта кетейік, байқаудың ақтық мәресін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы маусым айында тікелей эфирде көрсетеді.

Айгерім Жиенбекова – Астана қалалық мәдениет басқарамасының бөлім басшысы

 

– Бұл байқауда жеңіске жеткен бала халықаралық “Новая волна” сайысында ел намысын қорғайды. Жалпы ақтық кезең Астана қаласында маусымның 4-і мен 5-і аралығында болады.

Риат Шони.