МТРА жаңалықтары

Жергілікті қорғаныс істері жөніндегі департаментінің құрылғанына 97 жыл

Биылғы жылдың көктемінде 800-ге жуық солтүстікқазақстандық өрен әскер қатарына шақырылған. Оның алдыңғы легі ертең Алматы облысына аттанғалы отыр. Ақжар ауданынан шақыртылған 20 жасар Амир Хамитов әскери борышын өтеу әр азаматтың міндеті дейді.

Амир Хамитов – әскер қатарына шақырылушы.

-Ертең отан алдындағы борышымызды өтеуге Солтүстікқазақстаннан 50 сарбаз Алматы облысына барғалы жатырмыз. Мен әскерге өз қалауыммен бара жатырмын. Ол әр ер адамның міндеті.

Бүгінгі мереке қарсаңында жас сарбаздарға Ұлы Отан соғысының және қорғаныс минитрлігінің қарт ардагерлері де ақ жол тіледі.

Иосиф Марценкеевич- ҚР Қарулы күштерінің құрметті ардагері.

-Жергілікті қорғаныс істері жөнінедегі департаменті 1918 жылы сәуірдің 8-і күні құрылған. Мен мұнда 1964 жылы келдім. Ол уақытпен салыстырғанда әскери бөлімшелер біраз ілгеріледі, дамыды. Сарбаздар әскери міндетін үш жыл атқаратын кездер болды. Қазір 1 жыл. Бүгін-ертең әскер қатарына аттанғалы отырған жас жігіттерге сәттілік тілеймін.

1918 жылы сәуірдің 8-і әскери камиссариатын құру туралы декреттің қабылданған күні. Осыған орай саланың үздік мамандарының еңбегі бағаланып, алғыс хаттарға ие болды.

 

 

Акбопе Танирберген.