Салық басқармасы

Үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде өткен жылдың мүлік салығы, жер салығы мен көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Жібек Күлікова – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының бас маманы.

-Жер салығы, мүлік салығы және де көлік салығы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 700-ші декларация бойынша. Осы жерде айтарым, салық төлеуші салық декларациясын тапсыру мерзімін ұзартқан жағдайда, ол салық төлеу мерзіміне таратылмайды.

Аталған салық түрлерін төлеу күнінің бітуіне де аз қалды. Осы орайда біз петропавлдықтардың ой-пікірлерін сұрап білген едік. Көбі бұл салық түрлерінен хабардар.

-Мен мүлік, жер және көлік салықтарын сәуірдің 10-на дейін төлеу керектігін теледидардан естідім. Өзіміздің отбасымыз аталған салық түрлерін мерзімінде төлейді.

-Бұл мен үшін жаңалық емес. Бұрыннан білемін. Өз басым көлік салығын мерзімінде төлеймін.

 

 

Бакыт Садуакасов.