Спорт

Облыста қыздар арасында республикалық чемпионат жалауын көтерді

Қанат Сәдуақас – дене тәрбиесі, спорт және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры.

-Командалар екі топқа бөлінген. Футзалдан өткен жылғы қысқы спартакиадаға олардың нәтижелеріне қарай кесте құрылып, бірінші, екінші орын алған әрбір топты бастап отыр.

Дүбірлі чемпионатқа қатысушылардың бірі шығысқазақстандық құрама. Дәл осы команда алғашқы күнгі ойындардың нәтижесі бойынша алда келеді. Өскемендіктер бұл ойында тек қана жеңіске жетуге мүдделі.

Алина Қайсенова – футболшы, Өскемен қаласы.

-Кеше біздер Ақтөбе қаласының ойыншыларымен ойнадық. 3:0-мен ұттық. Бүгін көкшетаулық құрамамен кездесіп, 3:0-мен жеңдік. Алдағы мақсат – басқа да командаларды ұтып, финалға шығу.

Сондай-ақ байрақты бәйгеде жергілікті команда футболшылары да жеңістен дәмелі. Айта кетсек, жерлестеріміз кеше елордалық құрамамен кездесу өткізіп, 2:0 ұпайымен басым түсіпті.

Милана Ильясова – футболшы, СҚО.

-Біздің құрама бұл маңызды жарысқа біраз жаттығып, даярланды. Өткен жылғы ойындарда да көш бастаған болатынбыз. Тек шығысқазақстандықтарға есе жіберіп алдық.

Айта кету керек, 7-ші қысқы спартакиада спорттың 13 түрін қамтиды. Олардың барлығы өңір-өңірге бөлініпті. Мәселен, біздің облысқа шайбалы хоккей мен қыздар арасындағы футбол ойындарын өткізу жүктелген.

 

 

Бакыт Садуакасов.