МТРА жаңалықтары

Жол патрульдік полицейлер “Жолда қабылдау” акциясын өткізді

Алтынбек Тиштыбаев – СҚО ІІД әкімшілшік полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары.

-Біз бұл шараны жүргізушілер мен жол-патрульдік қызметкерлер арасында орын алатын жемқорлықтарды болдырмау мақсаты ұйымдастырудамыз.

Жалпы жыл басталғалы бері облыс бойынша 44 жол-көлік апаты орын алыпты. Онда 6 адам қаза тауып, 63 жан түрлі дене жарақаттарын алған екен. Мұндай оқыс жағдайлар көбіне жүргізушілердің кінәсінен болатын көрінеді. Сол себепті де бұл шараның ұйымдастырылуы жергілікті көлік тізгіндеген тұлғаларға маңызды әрі қажет дейді жүргізушілердің өздері.

Алексей Керейшис – жүргізуші.

-Мен ойымша осындай акциялар жүргізушілер үшінде, патрульдік қызметкерлер үшінде өте маңызды. Шараның арқасында жүргізушілер тарапынан дөрекіліктердің саны біршама кеміді. Жиірік ұйымдастырылса жолда жүру ережесінің бұзылуыда айтарлықтай азаяды.

Айта кету қажет, өңірде 8 жол-көлік апаты жаяу жүргіншілердің де кесірінен болған екен. Нәтижесінде 2 адам қаза тауып, алтауы дене жарақаттарын алған. Бұл ретте сақтансаң, сақтаймын қағидасын ұстанған абзал.

 

 

Риат Шони.