Спорт

Жерлес мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер республикалық жарыста топ жарды

Аталмыш сайысқа еліміздің 6 аймағынан 7 команда қатысуға тілек білдіріпті. 6 күнге жалғасқан чемпионатта жерлес жеткіншектер намысты қолдан бермей, алғашқы сында-ақ қарсыластарын шаң қаптырған. Тек ақтық кезеңде ғана талдықорғандық спортшыларға есе жіберіп алыпты. Дегенмен бұл жақсы көрсеткіш. Өйткені, құлағында мүкістігі бар балғындарды жаттықтыру қиындау, – дейді жасөспірімдердің бапкері.

Станислав Фоленвейдер – “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының жаттықтырушысы.

-Естуінде кемістігі бар балалармен жұмыс жасау, яғни оларды жаттықтыру үшін асқан төзімділік қажет. Сол себептен ыммен түсіндіру тәсілдерін меңгеріп, қосымша әдебиеттерді оқуға тура келді. Біз футбол алаңында күніне 2-3 рет жаттығу өткізіп тұрамыз. Қай істі бастасаң да, нәтиже еңбектің арқасында келеді емес пе?!. Міне осы жолғы жеңісіміз – балалардың үздіксіз жаттығуларының арқасы деп білемін.

Айта кеткен жөн, аталмыш чемпионат елімізде осыменен 10-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Өткен жылы жерлес аяқдопшылар 6 команданың арасынан небары 5-ші орыннан көрінсе керек.

 

 

Бакыт Садуакасов.