Мәдениет

Қызылжарға Ақтөбелік қуыршақ театры гастрольге келді

Қонаққа келген батысқазақстандық әртістердің өнері кішкентай көрермендерді тәнті етті. Жалпы саны 16 ертегі кейіпкерін сөйлетіп, билетіп ән айтқызған әртістер балақайлардың көтерікі көңіл күйінің себепшісі болды.

Диана Сиразетдинова, “Айгөлек” бөбекжай-балабақшасының тәриеленушісі.

-Маған қуыршақтардың қойылымы ұнады. Әсіресе, Петрушка мен Марфуша қуыршақтары қызықтырды.

Еліміздің батыс өңірінің театр ұжымы теріскейлік қуыршақ теарының әртістерімен тәжірибе алмасу үшін арнайы келген. Олар 12 сәуірге дейін Қызылжарлық кішкентай көрермендерді дәл осы “Қуыршақтардың ғажайып әлемі” қойылымымен қуантпақ. Біртұтас спектакльді Даулет Балапанов өзінің әріптесі Гүлвира Біржанованың көмегімен қойды.

Даулет Балапанов, “Алақай” қуыршақ театрының әртісі, Ақтөбе қаласы.

-Біз бүгін бүлдіршінедерді әлемнің әр жерінде пайда болған қуыршақтардың тарихымен таныстырдық. Мысалға марианет, тросты, мамуленг, паркет қуыршақтары.  

Ақтөбелік әртістер Петропавлға былтырға жылы да гастрольдік сапармен келіп “Бақашық пен теңіз” қойылымын қойған. Биыл 30 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған “Алақай” қуыршақ театрының қоржынында 90-ға жуық балаларға арналған қойылым бар. Алдағы күндері СҚО қуыршақ театры да іс сапармен Ақтөбеге аттанады. Сөйтіп солтүстік және батысқазақстандық қуыршақ театрлары өзара тәжірибе алмасатын болады.

 

 

Акбопе Танирберген.